Елiмiздiң инноваторларының 2016 жылдың сәуiр айында басталған ұлттық инновация конкурсына қатысып, 6 млн теңгенi иелену мүмкiндiгi бар. Байқауға өтiнiштер тамыз айына дейiн қабылданады. Бұл туралы «Технологиялық даму жөнiндегi ұлттық агенттiк» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Өмiржан Тәшiмов «Жаңалық енгiзушiлердi ұлттық инновация конкурсы арқылы қолдау» тақырыбында өткен ОКҚ брифингi барысында мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
Оның айтуынша, инновация саласын дамыту мақсатында 2005 жылдан бастап инновация конкурсы жыл сайын өткiзiлiп келедi. Осы жылдар iшiнде оған елiмiздiң барлық аймағынан 5 мыңнан астам инноватор қатысқан. Былтыр аталған конкурсқа 796 қатысушы атсалысты. Әсiресе, оқушылар үлкен қызығушылық танытты. Олардан конкурсқа 300-ден астам өтiнiш түстi. Биыл конкурстың нәтижесi шықаннан кейiн қатысушылардың жалпы саны белгiлi болады. Байқау «Орта мектеп оқушылары арасындағы ең үздiк инновациялық жоба», «Студенттер арасындағы ең үздiк инновациялық жоба», «Ең үздiк өнертапқыштық ұсыныс» номинациялары бойынша өтедi.
«Конкурсқа қатысу үшiн өтiнiштер онлайн режимде қабылданады. Байқауға адами фактор ықпал етпейдi, конкурс әдiл бәсекеге негiзделедi. Байқау нәтижесiнде ең үздiк идеялар iрiктеп алынады. Оның қорытындысы 2016 жылдың қыркүйек айында ХI Инновациялық конгресте жарияланады. 2016 жылдың жүлде қоры – 6 млн теңге. Сондай-ақ, Орта мектеп оқушылары арасындағы ең үздiк инновациялық жоба үшiн British Council қолдауымен Ұлыбританияға оқу-танысу сапары ұйымдастырылады дейді мамандар.
Ақпарат көзі: BNews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді