Жарты жылда ауыл шаруашылығы саласында 47,2 миллиард теңгенің өнімі өндірілді
- author «Ақ жол»
- 21 шілде, 2016
- 665
Үстіміздегі жылдың алғашқы жартыжылдығында облысымыздың ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнімнің жалпы көлемі 47,2 миллиард теңгені, ал нақты көлем индексі 102,2 пайызды құрады. Оның ішінде нақты қол жеткізілген өнім көлемі өсімдік шаруашылығында – 936,0 миллион, мал шаруашылығында 46,2 миллиард теңге болды. Аталған мерзім ішінде облыстағы мүйізді ірі қара малының жалпы саны 361,4 мың басқа жетіп, былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 10323 басқа (яғни 2,9 пайызға) артса, қой мен ешкі – 3,1 миллион басты құрап, 2,9 пайызға көбейіп отыр. Сондай-ақ, жылқы саны 117,8 мыңға жетіп, өткен жылдағыдан 3557 басқа, яғни 3,1 пайызға артқан. Өңірімізде киелі түлік – түйе малының басы 2,8 пайызға өсіп, бүгінде 6,3 мыңға жетті. Сондай-ақ, бірінші жартыжылдықта облыс бойынша 46,4 мың тонна ет, 137,7 мың тонна сүт өндіріліп, бұл тұрғыдағы көрсеткіш тиісінше 2,1 және 2,2 пайызға ұлғайтылды. Сонымен қатар, 42,4 миллион дана жұмыртқа өндірілген. Осы уақыт аралығында облыстағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының жалпы табындағы үлес салмағы – 21,8 (республикалық көрсеткіш – 10,6), қой – 28,4 (республикалық көрсеткіш – 15,1), жылқы – 24,2 (республикалық көрсеткіш – 7,9) пайызды құрады.
Тұңғыш ТЫНЫСБЕКҰЛЫ, журналист.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




