Облыстың 5 ауданында 12843 гектар суармалы жер игерілмей жатыр
Суармалы жер – баға жетпес алтын қорымыз. Бір гектар суармалы жер сегіз гектар тәлімі жерге тең, сонымен бірге алынатын өнімге де кепілдігі жоғары. Басқа байлықтар пайдаланған сайын сарқыла беретіні табиғи заңдылық. Керісінше жер тиімді пайдаланылса құнарланып, өнімі арта түседі, яғни сарқылмас байлық.
Елбасы өңірімізде болған сапарында облыстың экономикалық өркендеуіне егістік жерлердің толық пайдаланылмауы тежеу болып отырғанын ескерткен. Сондықтан қолда бар суармалы жерлерді интенсивті жолмен яғни жердің көлемін арттырмай-ақ, озық технологияларды қолдану арқылы егістің өнімін молайту жолымен тиімді пайдалану көкейкесті мәселе. Жамбыл облысының Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Сарысу және Талас аудандарының жалпы көлемі 105889 гектар суармалы жерлерінің мелиоративтік жай-күйіне Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы Комитетінің «Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының» негізінде және «Суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын бақылау және мониторинг жүргізу» бюджеттік бағдарламасына сәйкес 2013 жылы мемлекеттік және кешенді агромелиоративтік бақылау жүргізген. Суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйін бағалау аудандардың барлық суармалы жерлеріне жүргізілген агромелиоративтік бақылау жұмыстарымен қатар кешенді жұмыстардың орындалу нәтижесі бойынша да жасалды. 2013 жылы жер ресурстарын басқарудың облыстық және аудандық комитеттері мәліметі бойынша жоғарыдағы 5 ауданның суармалы жерлерінің 12843 гектары немесе 12 пайызы пайдаланылмады. Пайдаланылмаған суармалы жерлердің басым бөлігі Талас ауданында. Суармалы жерлердің пайдаланылмауының негізгі себептері кешенді қайта жөндеуді қажет ететін ішкішаруашылық суару жүйелердің жай-күйінің қанағаттанғысыздығы болып отыр. Суармалы жерлерге орналастырылған дақылдың өнімділігін арттыру және пайдаланылмаған жерлерді ауылшаруашылық айналымына енгізу үшін ғылыми негізделген аймақтық агротәсілдерді қолдана отырып, егіншілік мәдениетін көтеру және кешенді мелиоративтік жұмыстар жүргізу қажет. Бақылау нәтижелерінде анықталған 35280 гектар суармалы жердің жерасты суы деңгейі шекті деңгейден жоғары орналасқан, дегенмен ол жерлердің жерасты суларының тұздылықтары өте төмен, яғни егіске қауіп төндірмейді, керісінше кейбір дақылдар осы сумен суарылуда. Шығымы және өнімділігі ойдағыдай. Осы бес аудандағы суармалы жерлердің 65 пайызында жерасты сулары тұздылықтары литріне 1 грамға дейін, тек 2 пайызында ғана литріне 5 грамнан жоғары. Топырақтың 1 метрге дейінгі қабатының тұздануы тек 3236 гектарында ғана күрделі, 78053 гектары тұзданбаған, қалғаны әлсіз және орташа деңгейде. Аудандардағы суармалы сулардың сапасы қалыпқа сай яғни тұздылықтары тиісті мөлшерден төмен. Суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйін бағалау үшін қабылданған критерийлер және 2013 жылы орын алған ирригациялық-шаруашылық жағдайлар негізінде бақылаудағы барлық жердің 33,1 мың гектарының мелиоративтік жай-күйі жақсы, 33 мың гектары қанағаттанарлық және 39,8 мың гектары қанағаттанғысыз екендігі анықталып, белгіленді.
Қажымұқан Қожанов, «Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы» РММ Жамбыл бөлімшесінің жетекшісі.
Ұқсас жаңалықтар
Өнеркәсіп өндірісі – 97,2 миллиард теңге
- 28 қараша, 2024
Кіріс көлемі кідіріссіз артып келеді
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді