Жаңалықтар
Қарағандылық ЖОО-ның қабылдау комиссиясында Нұрлан есімді робот жұмыс істейді
- author «Ақ жол»
- 20 шілде, 2016
- 688
Қарағандылық ЖОО-ның қабылдау комиссиясында Нұрлан есімді робот жұмыс істейді
Қарағандыдағы Қазтұтынуодағы экономикалық университетінде Нұрлан есімді робот қызметкер пайда болды.
Электронды көмекші түлектерді қарсы алып, ЖОО қабылдау залында консультант қызметін атқарады.
«Роботқа біз Нұрлан деп ат қойдық. Бұл жаңа нұсқадағы «промо-бот». Ол жеке тұлғаларды тани алады, оларды еске сақтай алады. Жапондық, бірақ Ресейде құрастырылған», - дейді техникалық қызмет көрсету қызметінің инженері Иван Храмков.
Оның айтуынша, бұл қазақстандық ЖОО-лардағы алғашқы робот-қызметкер.
«Біз Нұрланға қазақ тілін үйретпекпіз. Қазірше бастапқы сатыда жүрміз, қарапайым диалогтар құруды үйренудеміз», - деді сөзін жалғай келе ол.
Робот әзірше тек орысша және ағылшынша сөйлейді.
Жоспар бойынша, Нұрлан кейін ұстаз болып, сабақ беруі тиіс.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




