Тараз қалалық электр жүйесі мекемесінің басшысы Жұмағали Сабалақовтың назарына!
Бүгінгі өмірімізді электр қуатынсыз елестету мүмкін емес. Қысқасы, қай сала болсын электр қуатынсыз жұмыс істей алмайды. Оның үстіне, қазіргі таңда шаһардағы барлық мекемелер толықтай компьютерлендірілген. Қуат кенеттен болмай қалса, талай адамның еңбегі зая болады.
Таразда кейінгі кездері күндіз жарықтың өшуі жиілеп кетті. Техникалық ақауларға байланысты болса түсінер едік. Ал оның ойламаған жерден қайта-қайта сөндіріле беруі жүйкені жұқартып, жұмыс жасауға бөгет болуда. Ал бұл жағдай кез-келген саланың ырғақты жұмысына кесірін тигізері анық. Тигізіп те жатыр. Сондықтан, Тараз қалалық электр жүйесі осы берекесіздікті тыйып, жарықтың тұрақты болуын ұдайы назарда ұстаса дейміз.
Нұрым Сырғабаев, «Ақ жол».
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




