Экономика
Қазақстанда жоғары жалақы Маңғыстау, Атырау облыстары мен Алматы қаласында
- author «Ақ жол»
- 15 шілде, 2016
- 224
Қазақстанда жоғары жалақы Маңғыстау, Атырау облыстары мен Алматы қаласында
Дәстүр бойынша Қазақстанда жоғары жалақы Маңғыстау, Атырау облыстары мен Алматы қаласында байқалады, деп ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Бірдан Нұрымбетов ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясында мәлім етті, - деп хабарлайды Strategy2050.kz.
"Жалақының кешігу туралы мәселесі ерекше бақылауға алынған. Бүгінгі күні еліміз бойынша ол 1 миллиард 472 миллион теңгені құрайды және берешектің үш түрінен тұрады. Көп берешек банкротқа ұшыраған кәсіпорындарда - 978 миллион теңге, олардың саны елімізде 80 және олар 3 мың жұмыскерлердің алдында қарыз. Олардың қарыздарының өтеу үдерісі заң бойынша атқарылады", - деді Нұрымбетов.
Сонымен қатар, оның айтуы бойынша, бүгіндегі және мерзімі өткен берешектер бар.
"Ағымдағы берешек - үш айға дейін 29 кәсіпорындар үшін 410 миллион теңгені құрады және мерзімі өткен берешек үш айдан астам - 9 кәсіпорынға 85 миллион теңгені құрады", - деп толықтырды вице-министр.
Айта кетейік, ең үлкен берешек Шығыс Қазақстанда - 92 миллион теңге және Қарағанды облысында - 70 миллион теңге, ал мерзімі өткен берешек бойынша Маңғыстау облысы көш бастайды - 23 миллион теңге және Қарағанды облысы - 16,7 миллион теңге.
"Кәсіпорындар бойынша - банкроттықпен берешек болғандардың ішінде Шығыс Қазақстан облысы байқалады - 260 миллион теңге, 198 миллион теңге - Ақмола облысында және 154 миллион теңге - Батыс Қазақстан", - деді Б.Нұрымбетов.
Оның айтуы бойынша, елімізде жалақының көлемі 133 мың теңгені құрайды, ең жоғары жалақы кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет саласында байқалады - 298 мың теңге, қаржы және сақтандыру қызметінде - 249 мың теңге және үшінші орында өнеркәсіп саласында - 182 мың теңге. Дәстүр бойынша Қазақстанда жоғары жалақы Маңғыстау, Атырау облыстары мен Алматы қаласында байқалады.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді