Үш мемлекеттің сауда-экономикалық одағы бір емес, бірнеше рет өзінің өміршеңдігі мен перспективалылығын дәлелдеді. Бұл орайда, Қазақстан, интеграциялық үрдістердің белсенді қатысушысы ретінде, таңдалған жолдың дұрыстығын дәлелдеп, аралық нәтижені сезініп үлгерді, деп хабарлайды «Литер» газеті.
«Қазіргі Кедендік Одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік бұл бірігуге қатысушылардың өз пайдалы тұстарын көрсетіп берді. Экспортқа шығатын негізгі өнімдердің әлемдік құнының төмендеуіне қарамастан, елдер арасында тауар айналымының көлемі артып отыр. Кеден Одағы елдері арасындағы тауар айналымы жалпы экспорттың 18 пайызын құрады», деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.
Бүгінде Кедендік Одақ қазақстандықтар, ресейліктер, белоруссиялықтар, кедендік «үштікте» жұмыс істейтін мемлекеттердің барлығының қатынастарын қолжетімді қылды. Үш мемлекеттің басшыларының саяси еркіндігінің арқасында, негізгі мәселе - жұмысшы күштердің алмасуы шешілді. Бұл үшін негізгі үш бағыттағы мәселе оңтайлы жолға қойылды: халықаралық-құқықтық еңбек нарығының негізін құру, көші-қон саясатын және әлеуметтік-гуманитарлық салада бірлесе еңбек ету үшін қолайлы жағдайлар жасау.
Еңбек үрдісі Ресей, Белоруссия, Қазақстан үкіметі арасындағы Кедендік Одақ шеңберінде 2010 жылғы 19 қарашада бекітілген "Еңбекші-мигранттар мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы» келісіммен регламенттелген. Қабылданған құжатта, еңбекші мигранттарға көрсетілген мемлекеттер аумағында еңбекпен айналысу үшін рұқсат алудың талап етілмейтіндігі, ұлттық еңбек нарығын қорғауда еңбекші мигранттарды тартуда шектеу есепсіз мемлекеттің жұмыс берушілері жүзеге асыратындығы атап көрсетілген.
Бүгінде Қазақстан мен Ресей бұл жағынан тартымдырақ мемлекет болып отыр. Қазіргі таңда, қазақстандық еңбек нарығында жоғары білікті жұмысшы күштің салмағы жетпіс пайыздан астам. Бұл кәсіби кадрларға деген сұранысты көрсетеді. Дүниежүзілік банктің есебі бойынша, Қазақстан 2013 жылы еңбек мигранттарының саны жағынан әлемде тоғызыншы орынды алды.
Сонымен қатар, шетел мамандарының Қазақстан кәсіпорындарында қолданыстағы заңнамалардың талаптарына қатаң сәйкес келуі тиіс. Ал, шетелдік мамандарды жұмысқа тартуда заңды айналып өтетіндерге, әкімшілік құқықтық Кодексінде пайда болған нормаларды білгені жөн. Рұқсат талаптарына сай емес еңбек иммигранттарын жұмысқа тартқан немесе бес еңбек иммигрантынан көп келісім жасасқан жұмыс беруші бірінші жағдайда 30 АЕК (55560 теңге), екінші жағдайда 50 АЕК (92600 теңге) көлемінде айыппұл төлейді.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат.
Ұқсас жаңалықтар
Жарқын жобалар – берекелі істің бастауы
- 26 желтоқсан, 2024
Өңір өндірісі еселеп артқан жылдар
- 16 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді