ЕАЭО елдері ішінде банкаралық ақпаратпен алмасудың ортақ жүйесі керек
- author «Ақ жол»
- 26 мамыр, 2014
- 246
VII Астана экономикалық форумы аясында «Еуразиялық экономикалық интеграцияға – 20 жыл. Қорытындылары мен келешегі» тақырыбында пленарлық отырыс өткізілді.
Ресей Федерациясы Президентінің кеңесшісі Сергей Глазьев ЕАЭО елдері аумағында ортақ төлем жүйесін енгізу қажеттілігі туралы айтты.
«Қазіргі қалыптасқан жағдай бізді геосаяси қауіп-қатерлерге тап болған секторларда интеграцияны үдетуге итермелейді. Бұл, бәрінен бұрын, қаржы қызметтерінің нарығы. Бүгінде Ресейде ұлттық төлем жүйесін құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Менің көзқарасым бойынша, бірден ЕАЭО елдеріне ортақ төлем жүйесін әзірлесек анағұрлым тиімдірек болады. Игорь Суворов басшылық етіп отырған мемлекетаралық банк те бастапқыда төлем одағымен қамтамасыз ету қызметтерін атқару үшін құрылған еді. Қазір осы функциялар өте қажет, себебі, егер біз төлем жүйесін құрмасақ, біз ылғи да саяси қауіп-қатерлерге соқтығыса беретін боламыз», - деді Сергей Глазьев.
Бұдан өзге, ол интеграциялық бірлестіктер мүшелерін SWIFT жүйесімен байланысты, саяси қауіп-қатерлерден сақтап қала алатын, ЕАЭО елдері арасындағы ортақ банкаралық ақпаратпен алмасу жүйесін құрудың маңыздылығы жайлы да тілге тиек етті. Сондай-ақ, Глазьев мырза, ЕАЭО-ға мүше елдерге ұлттық валютамен есептесуге жылдамырақ көшу керектігін айтты.
«Менің ойымша, біз сауда тиімділігін арттыруға себеп болатын, өзара сауданың барлық айналымын жақын арада ұлттық валютамен жүргізе алатын боламыз», - деп сөзін түйіндеді.
Ақпарат көзі: www.bnews.kz.
Ұқсас жаңалықтар
Жарқын жобалар – берекелі істің бастауы
- 26 желтоқсан, 2024
Өңір өндірісі еселеп артқан жылдар
- 16 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді