Экономика
Жамбыл облысында Қазақстанда жоқ «Моцарелла» өнімі өндірілуде
- author «Ақ жол»
- 13 шілде, 2016
- 527
Жамбыл облысында Қазақстанда жоқ «Моцарелла» өнімі өндірілуде
Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы жеке кәсіпкер «Мешелова З.Е.» бүкіл Қазақстанда өндірілмейтін «Моцарелла» атты ірімшік түрін шығаруды қолға алды. Сатылымға шыққанына он күннен енді асса да аталған өнім сұранысқа ие тауардың түріне айналып үлгерген.
Жеке кәсіпкер Орынбасар Мешелов моцарелланың құрамын өздері құрастырғанын алға тартады. Оның отбасылық кәсібі 2011 жылы өз жұмысын бастаған. Алғашқыда мал өсірумен шұғылданған Мешеловтар отбасы бүгінде сол малдан алған шикізат өнімдерін игеріп, олардан май, чечил, ірімшік сынды өнімдерді шығаруды қолға алған.
«Моцарелланы шығарғанымызға он шақты ғана күн болды. Құрамын тауып, оны әзірлеуге он күндей уақыт жұмсадық. Бірақ нәтижесі жақсы болды. Менің келіндерім осында бірі технолог, бірі инженер болып жұмыс жасайды, ал өзім химикпін. Осы себепті де моцарелла өнімінің құрамын тауып, оны дайындау аса қиын болмады, дегенмен біраз уақыт жұмсадық. Қазақстанда алғаш болып қолға алғандықтан аталған өнім сұранысқа ие, әрі шет елден келетін моцарелладан бағасы да арзан», - дейді жеке кәсіпкер Орынбасар Мешелов.
Ақпарат көзі: Zhambyl.News
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




