Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болуы оның ДСҰ-ға енуіне кедергі келтірмейді
- author «Ақ жол»
- 26 мамыр, 2014
- 239
Бұл туралы VII Астаналық экономикалық форумы аясында өткен «Экономиканы модернизациялау шарттарындағы экономикалық саясат» атты панельді сессиясында ДСҰ бас директорының орынбасары Девид Шарк мәлім етті.
«Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелігі оның ДСҰ-ға енуіне кедергі келтірмейді. Ұйымға ену туралы келісімдер оңтайлы жүргізілуде. Мен Қазақстан өз мойнына үлкен міндеттерді алғандығын, осы ұйымға кіруді көздеп отырғандығын көріп отырмын. Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа да қосылмақ. Қазақстан тарапынан бұл екі ұйым арасында ешқандай дау туындамауы керек», - деді Шарк.
Сондай-ақ, ДСҰ бас директорының орынбасары аталмыш ұйымның құрамында әртүрлі интеграциялық бірлестіктерге мүше мемлекеттердің аз еместігін және олардың бұл мүшеліктері дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге нұқсан келтірмейтінін тілге тиек етті.
«Бұл ДСҰ-ның мақсаттары мен міндеттеріне қайшы емес. Бір уақытта екі үдерістің болуы жұмысты қиындататыны анық. Қазақстан өз мойнына белгілі міндеттерді алды. Енді оларды Еуразиялық экономикалық одақтың шарттары тұрғысынан қарастыру қажет. Барлық мәселені шешуге болады. Бізді көп жұмыс күтіп тұр. Дегенмен, келіссөздердің сәтті аяқталатынына сеніміміз мол», - деп атап өтті Д.Шарк.
Ал, Қазақстанның Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев еліміз ДСҰ-ға ағымдағы жылдың аяғына қарай енетіндігін айтып өтті.
«Біз осы жылдың соңына дейін ДСҰ-ға кіреміз деген үміттеміз. Бұл үшін үкімет барын салуда. Біздің жоспарымыз өзгерген жоқ. Яғни, еліміздің Еуразиялық экономикалық одаққа енуі ДСҰ-ға мүше болуға ешқандай нұқсан келтірмейді», - деп қорытындылады Е.Досаев.
Ақпарат көзі: www.ca-news.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жарқын жобалар – берекелі істің бастауы
- 26 желтоқсан, 2024
Өңір өндірісі еселеп артқан жылдар
- 16 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді