Ақпарат көзі: Қазақстан жаңалықтары
Жамбылда не жаңалық?
Жамбыл облысында ұшағы апатқа ұшыраған әуе компаиясының басшысы сотталды
- author «Ақ жол»
- 13 шілде, 2016
- 797
Жамбыл облысында ұшағы апатқа ұшыраған әуе компаиясының басшысы сотталды
Владимир Круч өзінің жеке шағын әуе кемесін арнайы дайындықтан өтпеген ұшқыштарға бергені үшін жауапқа тартылды.
Жамбыл облысындағы 6 адамның өмірін жалмаған әуе апатына АН-2 ұшағының қожайыны кінәлі деп танылды. "OLIMP AIR" әуекомпаниясының басшысы енді 5 жылын темір торда өткізіп қана қоймай, жазасын өтеп шыққасын тағы 3 жыл авиация саласында қызмет ете алмайтын болды деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Былтыр қаңтардың 20-сы күні АН-2 ұшағы Шу ауданындағы Шатыркөл кен орнын маңына құлаған. Үш экипаж мүшесі мен «Қазақмыстың» 3 қызметкері оқиға орнында опат болды.
Владимир Круч өзінің жеке шағын әуе кемесін арнайы дайындықтан өтпеген ұшқыштарға бергені үшін жауапқа тартылды. Яғни қауіпті жағдайларға дайын болмаған экипаж мүшелері, ауа райы қолайсыздығы кезінде ұшақты игере алмай апатқа ұшыраған. Оның үстіне әуе техникасының биіктікті анықтайтын қондырғысы да істен шыққан екен.
Тек 28 жастағы геолог Әсем Шаяхметова аман қалған. Айта кетейік, әуекомпаниясының директоры 5 жыл жаза арқалауымен қатар, Әсемге де моралдық және мотериалдық шығын есебінде 12 млн теңге беретін болды.
Ұқсас жаңалықтар
Мойынқұмның аялдамаларынан адам ұялады...
- 20 қаңтар, 2026
Жуалыдағы көзбояушылық кімге керек болды?
- 12 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




