ЕАЭО туралы келісім-шартта жеке тұлғалардың кірістеріне алғашқы жұмыс күнінен бастап бірыңғай салық салу туралы норма болады - Т.Сүлейменов
- author «Ақ жол»
- 26 мамыр, 2014
- 891
Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісім-шартта жалдамалы жұмыстың алғашқы күнінен бастап жеке тұлғалардың кірістеріне бірыңғай салық салуды қарастыратын норма болады, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық одақтың экономика және қаржы саясаты бойынша министрі Тимур Сүлейменов VII Астана экономикалық форумы барысында.
«ЕАЭО туралы Келісім-шарт жобасында құқықтық норма енгізілген, 183 күн өткен соң емес (қазіргі заңнама бойынша), соған сәйкес жалдамалы жұмыстың алғашқы күнінен бастап КО және БЭК мүше мемлекеттердің жеке тұлғаларының кірістеріне салық салудың бірыңғай шарттары қарастырылады», - деді Т.Сүлейменов.
Ол еңбек көші-қоны саласында интеграциялық бірлестіктер аясында келісімділікке қол жеткізілгенін, соған сәйкес КО елдерінің азаматтары Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісім-шарттың кез-келген қатысушы мемлекетінде еңбек қызметін іске асыруға құқылы болатынын атап өтті. Оған қоса, мүше мемлекеттер азаматтарына еңбек ететін мемлекетте еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат алу талап етілмейді.
«Келешекте жалпы еңбек нарығын қалыптастыру үшін мүше мемлекеттердің еңбек етушілерін әлеуметтік сақтандыру бойынша норма маңызды орын алады, яғни еңбекпен қамтитын мемлекеттің азаматтарымен бірдей шарттарда, сол тәртіппен жүзеге асады», - деп толықтырды Т.Сүлейменов. Оның айтуынша, бұл норма Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісім-шарт жобасына енгізілген. Сонымен бірге, азаматтарымызды жалпы еңбек нарығы аясында зейнетақымен қамтамасыз етуге байланысты мәселелер базалық келісім-шартқа жеке келісімдерде шешіледі.
Ақпарат көзі: www.primeminister.kz
Ұқсас жаңалықтар
«Таза су айдындары» акциясы аясында қоймалар тазартылды
- 13 сәуір, 2026
Мүмкіндігі шектеулі жандарға тұрақты жұмыс табыла ма?
- 13 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




