Республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың 918 миллион теңгесі биыл игерілмек
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бірқатар әлеуметтік инфрақұрылымдардың жаңғыртылып, көптеген әлеуметтік нысандардың бой көтеруіне мүмкіндік беріп отыр. «Салтанат» шағын ауданында басталған жаңа мектептің құрылыс жұмыстарына қомақты қаражат бөлінуі – cоның бір айғағындай. Мұндағы №30 орта мектепте кезінде 1500 балаға дейін білім алған. Аталған білім ордасының ғимараты ескіріп, пайдалануға жарамсыз болып қалған еді. Тіпті, апатты жағдайына байланысты қосымша салынған бөлігі ғана 500 оқушыға арналған бастауыш мектепке айналдырылған. Ал Жоғары
сынып оқушылары маңайдағы өзге мектептерге барып оқыған.
Енді, міне, сол бұзылған мектеп орнынан 1000 оқушыға арналған жаңа білім ордасы бой көтергелі жатыр. Биылғы мамыр айының алғашқы күндерінде іске кіріскен «Арайстроймаркет–2003» мердігерлік компаниясы қазіргі таңда біраз жұмысты еңсеріп те тастаған. Облыстық мәслихаттың депутаты, кәсіпкер Арман Еділбаев басқаратын мекеме құрылысшыларының қимылдары ширақ, жұмыстары қарқынды. Бүгінгі күнге дейін нысанның іргетасын толық қалап үлгерген. Мұнда 60-70 құрылысшы тұрақты еңбек етуде. Олар уақытпен де санаспайды. Құрылысқа 6 техника тартылған.
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынған жаңа құрылыс нысанына барлығы 1 миллиард 255 миллион теңге қаржы бөлінген. Оның 918 миллион теңгесі биыл игерілуі тиіс. Қалғаны келер жылға өтпелі. Мұндағы жұмыс кестеге сай жүргізіліп келеді. Жұмысшыларға барлық жағдай жасалған. Сәтін салса, келесі жылдың күзіне дейін мұнда жаңа мектеп ғимараты бой көтеретін болады. Оған барлық мүмкіндіктер бар. – Қазір мұндағы қосымша ғимаратта 500 бала 20 сынып бойынша бастауыш білім алуда. Дегенмен, бұл осы аумақтағы оқушылар үшін тарлық ететіні айтпаса да түсінікті. Сондықтан, тұрғындарға келесі жылы 1000 орындық мектептің есігі айқара ашылатыны үлкен жаңалық болғалы тұр. Осында жүргізіліп жатқан қарқынды құрылыс біздің игілігіміз үшін жасалып жатқанын сезінгеннің өзі бақыт екен. «Нұрлы жолдың» шапағатын шынайы сезініп отырмыз, – дейді №30 бастауыш мектеп директорының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Сембек Ахметов.
Есет Досалы, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді