Жамбылда не жаңалық?
Есірткі тастау мен пара алғаны үшін жамбылдық полицей 6 жылға сотталды
- author «Ақ жол»
- 11 шілде, 2016
- 655
Есірткі тастау мен пара алғаны үшін жамбылдық полицей 6 жылға сотталды
Есірткі тастау мен пара алғаны үшін жамбылдық полицей 6 жылға бостандығынан айырылды, деп хабарлады Тараз қалалық №2 сотының баспасөз қызметінен.
«Іс материалдарына сәйкес, 2015 жылы 17 наурызда Жамбыл облысы Шу АІІБ-нің жедел уәкілі мемлекеттік қызметті атқаратын тұлға бола тұра қызметтік міндеттерін асыра пайдаланып, А. азаматына заңсыз тергеумен анықталмаған заттарды лақтыру жолмен, кейіннен сол заттарды есірткі заттары түрінде көрсетіп ұстаған. Кейін заңсыз есірткі заттарын сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартпауы үшін 200 000 теңге көлемінде ақшалай қаражат алған»,- делінген хабарламада.
Тараз қалалық №2 сотының үкімімен ҚР ҚК 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша оның меншігіндегі, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында жұмыс атқару құқығынан өмір бойына айырылып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды,жазаны түзеу колониясының жалпы режимінде өтеу белгіленді.
Үкім заңды күшіне енбеді.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында 46 көпқабатты тұрғын үй салынуда
- 1 желтоқсан, 2025
Жазушыға 100 сұрақ: Көсемәлі Сәттібайұлы оқырманмен кездесті
- 20 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




