Қазақстанда бухгалтер күнін тойлау ұсынылып жатыр
Бухгалтерлік есеп және аудит саласында қызмет етіп жатқан 200-ден астам маманнан тұратын ынталы топ мемлекеттік органдарға есеп саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесін құру туралы өтініштерін білдірді, деп хабарлайды uchet.kz сайты.
Белсенділердің айтуынша, көптеген маман иелері өз істеріне сүйіспеншіліктері мен кәсіби қоғамдастық мүшелері екенін көрсете отырып, жыл сайын өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтіп жатыр. Өкінішке орай, қазақстандық есепшілер бұндай артықшылықтан құрдым және осы күнге дейін ресми қазақстандық мерекелері жоқ. Ал ортақ мереке – бұл тек құттықтау сылтауы ғана емес, сонымен қатар нәтижелерді қорытындылап, саланың келешектегі дамуының бағдарын таңдайтын кезеңдер. «Кез келген кәсіби мерекенің борышы – әрбір еңбек қызметінің беделі мен еліміздің экономикасына қосатын үлесінің ауқымын көрсету. Кез келген компанияға жеке кәсіпорыннан бастап ұлттық холдингтер мен мемлекеттік құрылымдарға дейін есепшілердің қызметі қажет! Бұл еңбек нарығындағы жоғары білікті, қадірлі және талап етілген кәсіптердің бірі. Қазақстанның заңды тұлғалар тізілімінде 2016 жылдың 20 маусымындағы мәліметтер бойынша 401 915 заңды тұлғалар, өкілдіктер мен филиалдар тіркелген, бұл дегеніміз – елімізде шамамен осыншама есепшілер қызмет етіп жатыр, — дейді жоба жетекшілерінің бірі, алматылық кәсіпкер Максим Барышев. Ынталы топтың өкілдері ««Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына өзгерістер енгізу жайлы ұсынысты Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне, Мәжіліс депутаттарына жіберді, сонымен қатар әлеуметтік желілер арқылы өздерінің әріптестері арасында Бухгалтер күнін құруды қолдауға қолтаңба жинауды бастады.Ақпарат көзі: 7 KUN
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді