«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Таразда оқу ақысын төлеуге мүмкіндігі жоқ студенттерге 22 млн теңге бөлінді

Таразда оқу ақысын төлеуге мүмкіндігі жоқ студенттерге 22 млн теңге бөлінді
ашық дереккөз
Таразда оқу ақысын төлеуге мүмкіндігі жоқ студенттерге 22 млн теңге бөлінді
 src=

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің оқу ақысын төлеуге мүмкіндігі жоқ студенттерге 22 млн астам теңге бөлініп отыр. Бұл туралы ТИГУ ректоры Ерболат Саурықов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Ерболат Саурықовтың айтуынша, жеке бизнестің, үкіметтік емес және қайырымдылық ұйымдарының, жеке адамдардың әлеуметтік жауапкершілігі білім беру саласында айрықша көрінуі керек. Бұл ең бірінші кезекте лайықты білім алуда оқу ақысын өз бетінше төлей алмайтын жастарға көмек беруге қатысты. Мысалы, ТИГУ-де оқу ақысын төлеуге мүмкіндігі жоқ студенттерге әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған. Осы оқу жылының өзінде 22 млн. астам теңге бөлініп отыр. Студенттердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында тәжірибе базаларымен екіжақты келісімшарттар жасалған. Атап айтатын болсақ, Қазақстан Республикасы энергетика министрлігінің Ядролық физика институтымен, Жамбыл облыстық ғылыми-зерттеу ветеринария стансасымен, басқа да облыстық, республикалық іргелі кәсіпорындары, т.б. Бұған қоса, университеттің профессор-оқытушылары заманауи талаптарға сәйкес өз біліктіліктерін жетілдіруде. Ағымдық оқу жылында «Білім» мамандықтарының оқу жоспарына 4 кредитпен оқытылатын «Мұғалімнің кәсіптік бағдары» атты оқу курсы енгізілді. Осыған сәйкес, көптеген оқытушылар «Өрлеу» біліктілікті жоғарылатудың Ұлттық орталығында арнайы курстардан өтті.

Ақпарат көзі: 7KUN.kz

Ұқсас жаңалықтар