Жаңалықтар
Тұрар есімі Шу темір жол бекетіне сұранып тұр емес пе?!
- author «Ақ жол»
- 30 маусым, 2016
- 691
Тұрар есімі Шу темір жол бекетіне сұранып тұр емес пе?!
Т. Рысқұлов РСФСР халкомкеңесі төрағасының орынбасары болып тұрған кезінде Түрксіб құрылысына жәрдемдесу комитетінің төрағасы міндетін қоса атқарып, «ғасыр жолының» бастапқы жобасына елеулі де ұтымды өзгерістер енгізіп, туған халқын жол азабынан құтқаруға жанашырлықпен, біліктілікпен атсалысты. Болат жолдың сан жетпес жүк тасымалдануы тұрғысынан ұтымдылығын былай қояйық, Шу, Мойынқұм аудандарының тұрғындары күнделікті тіршілік қамымен Алматы, Тараз, Шу, Астана бағыттарына қарай кедергісіз қатынауда игілігін көріп отыр. Алда-жалда бастапқы жобада көрсетілген «Луговой – Фрунзе – Алматы» бағыты өзгеріссіз қалдырылған болса, аталған қос ауданның тұрғындарының Астанаға баруы үшін пойызға Луговой бекетіне барып мінулеріне тура келер еді. Оның қиындығы айтпаса да түсінікті. Рысқұловтың туған халқын осындай жол азабын тартпауын жан-жақты ойластыруы неткен көрегендік десеңізші!
Осы орайда Тұрар сынды тау тұлғамызға қандай құрмет те лайық.
Шу темір жол бекетіне есімін беріп, саябақ тұсындағы
ескерткішін көрнекі орынға – вокзал алдына, болат жолдың
бойына әкеліп орнатсақ, өте орынды іс болар еді. Бұл ұсынысым тиісті басшылар тарапынан қолдау табады деген сенімдемін.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




