Осы жартыжылдықта 24454 жылжымайтын мүлік мемлекеттік тіркеуден өткізілсе, оның 6875-сі электрондық түрде тіркелген. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңға енгізілген өзгерістерге қарай бұрынғы мемлекеттік тіркеу мерзімі 5 жұмыс күнінен 3 жұмыс күніне қысқаруына байланысты бұл жұмыс алдағы уақытта біршама жеңілдеп, нәтижелілігі арта түседі деп күтілуде. Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Шыңғыс Айнақұлов осыны мәлімдеді. Әділет органдарының негізгі қызметіне тоқталған ол заңды тұлғаларды тіркеу, азаматтық хал актілерін тіркеу, адвокаттық қызмет, мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету, бағалау қызметі, нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, сот актілерін орындау, алимент өндіру тәртіптерін түсіндірді. Бір айта кететіні – кез-келген азамат өз бетінше адвокаттық және нотариалдық қызметті жүзеге асыра алмайды екен. Ол үшін белгілі бір талаптар бойынша әділет органдарынан лицензиялық құжат алуы тиіс. – Облыста 164 нотариустық қызмет көрсету орталығы бар. Олардың көмегімен 123429 іс жүзеге асып, қазынаға жиырма миллион теңгеден астам қаржы құйылды. Бүгінде бұл қызметке тұрғындардың жүгінуі арта түскен. Бұған нотариалдық қызмет көрсету ісінің толықтай электронды форматқа көшуі сеп болып отыр. Дегенмен кемшілік те жоқ емес. Оған мамандардың кәсіби біліктілігінің төмендігі себеп болуда. Мәселен, биыл 4 нотариус біліктілігін арттыру курсынан өтсе, 3-еуі тәртіптік, 1-еуі әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр. Адвокаттық қызметке келетін болсақ, өңірде 184 адвокат бар. Облыс бойынша 1 адвокаттар алқасы жұмыс атқарса, 10 заң консультациясы, 7 адвокат кеңселері жұмыс істейді. Барлық аудандар 100 пайыз адвокаттық қызметпен қамтамасыз етілген, – дейді ол. Брифингте «Неке (ерлі-зайыптылық) туралы кодекске енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы да сөз қозғалды. Бұл өзгертулердің ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау мақсатында енгізілгені айтылды.
Нұрым Болатұлы, журналист.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді