Қалима ИСАБАЕВА, аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы.
Кейінгі жылдары өңірдегі тіршіліктің тамырына қан жүгіріп, ауыл шаруашылығымен қатар, өндіріс саласы да өркендей түсті. Әсіресе, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы мемлекетіміздің дамуына тың серпін берді. Осынау стратегиялық жоспар аясында ел әлеуетін өрге сүйрейтін мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылып, бүгінде олардың игілігін ел көруде. Соның бірі – «Бизнестің жол картасы–2020» мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты – экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты істейтін жаңа жұмыс орындарын ашу. Осы орайда өңірлік туристік имиджді қалыптастыру мақсатында ауданның тарихи және мәдениет ескерткіштері жөнінде жеке кітап жарық көрген-ді. Ендігі жерде ауданда туристік маршруттар ашу көзделуде. Бүгінгі таңда ауданда 45 археологиялық, 46 сәулеттік, 6 тарихи және монументальді өнер ескерткіштері – барлығы 97 нысан тіркелген. «Балқаш Нұрсая» ЖШС Балқаш көлінің жағалауынан демалыс орнын ашу мақсатында ауқымды жобаны қолға алды. Ал аудандағы 827 шағын және орта кәсiпкерлiк нысанының толықтай және iшiнара жұмыс iстеп тұрғаны – 770. Олар үш айда 241,3 миллион теңгенің өнімін өндірді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 108,3 пайызды құрап, көрсеткіш 18,6 миллион теңгеге артқаны байқалып отыр. Оның ішінде «Бизнестің жол картасы–2020» бірыңғай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында аудан бойынша 2012 жылдан бері жалпы сомасы 1404 миллион теңгені құрайтын 8 жоба жүзеге асырылған. Бағдарламаның 1-ші бағыты – «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» сыйақы мөлшерлемесі бөлігін субсидиялау тетігі бойынша жалпы сомасы 24 миллион теңгеге 5 жоба, инфрақұрылымды дамыту бойынша 2 жоба және 3 миллион теңгеге грантқа ие болған 1 жоба жүзеге асырылды. Былтыр 13 миллион теңге көлемінде сыйақы мөлшерлемесі бөлігін субсидиялау тетігі бойынша екі жобаға несие берілген. Шығанақ ауылындағы «ЖК Асылов Тұрсынхан» жеке кәсіпкерлігі жұмыс істеп тұрған кемпингке қосымша жүк көліктеріне техникалық қызмет көрсету орталығын ашуға 9 миллион теңге несие алды. Сондай-ақ, Мойынқұм ауылының кәсіпкері Т. Қораласбаев екінші рет «Банк Центр Кредит» арқылы тіс емханасының екінші қабатын жөндеуден өткізу үшін 4 миллион теңге көлеміндегі несиеге қол жеткізді. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бойынша Шығанақ ауылындағы республикалық маңызы бар автожол бойында «KazStar Сonstruсtion kompani» ЖШС жаңа жобаны қолға алып, кемпинг құрылысын жүргізуді бастап кеткен болатын. Кемпинг құрамында жанар-жағармай құю стансасы, дүкен, қонақ үй, техникалық қызмет көрсету орталығы бар. Бүгінде оның құрылыс жұмыстары толық аяқталып, халыққа қызмет көрсете бастады.
Мойынқұм ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді