Испанияда соңғы 35 жыл ішінде алғаш рет корридаға тыйым салынды, деп жазады Day.Az.
“Коррида – бұл спорт емес. Бұл ешқашан спорт болуға тиіс емес. Бұл қасірет... қасірет - бұқаның өлуі”. Бұл Испанияда репортер ретінде алғаш бұқа мен адам жекпе-жегін тамашалаған кейін Эрнест Хэмингуэйдің жазған сөздері. Бәріміз білетіндей, көптеген жылдардан бері коррида Испанияның төл өнері ретінде танылып келген. Ал, бірнеше күн бұрын осы ойынға тыйым салынды. Мұндай шешімнің қабылдануына соңғы сайыста қатарынан 3 матадор – бұқамен сайысқа түсушінің ауыр жарақат алуы себеп болыпты. Көздері қанталаған бұқалар ешкімді де аямаған. Әсіресе, дүйім жұртқа аты мәшһүр Давид Мора есімді матадор басқасына қарағанда ауыр жараланған. Бұқа оның сан етіне үшкір мүйізін сұғып алыпты. Ойын соңына таман аренада да ешкім қалмаған. Сол себепті сайысты тоқтатуға тура келген.
Интернет материалдары негізінде дайындалды.
Ұқсас жаңалықтар
17 миллиард доллардан асатын келісімдерге қол қойылды
- 8 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




