Жаңа Зеландия тұрғынының мысығы үйге есірткі алып келгеннен кейін, азаматша жануарды осы әрекеті үшін полицияға алып баруға мәжбүр болған, деп жазады шетелдік БАҚ.
Жергілікті полиция сержанты Риса Мунроның сөзіне қарағанда, оларға кешкі сағат 18:00 кезінде аталмыш әйел телефон шалып, мысығы үйіне шағын қаптамадағы есірткіні алып келгеніне алаңдаулы екенін айтып берген. Аталған қаптамадағы марихуана есірткісі шамамен 100-150 долларға бағаланып отыр. «Мысықтар үйге көбінесе құстардың, тышқандардың өлігін алып келеді, ал мұндай оқиғаға алғаш тап болып отырмыз», – дейді сержант. Қазіргі кезде есірткі салынған қаптама зертханаға тапсырылып, оның нақты иесінің саусақ іздері тексерілуде.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




