Таиландтың құрлықтағы әскерінің қолбасшысы генерал Прают Чан-Оча елдегі әскери төңкеріс жайлы жария етті, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
«Елдегі бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз ету мақсатында Таиландтың қарулы күштері үкімет функцияларын өз мойнына алады», – деді ол теледидар арқылы халыққа бағыштаған сөзінде. Қолбасшының ұлтқа арналған телеүндеуінен бірнеше минут бұрын оның бұйрығымен әскери қызметкерлер келіссөз залынан оппозициялық демонстранттардың лидері Сутхеп Тхыаксубанды алып шықты. Айта кетейік, 19 мамырда Таиландтың қарулы күштері әскери жағдай жариялап, елдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету міндетін өз мойнына алды. Әскерилердің өзі мұны «кезекті төңкеріс емес» деп түсіндірді. Олардың сөзіне қарағанда, бұл бейбітшілік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылуда. Елде төңкеріс жасаған әскерилер коменданттық сағат орнағанын жариялады. Таиланд қарулы күштерінің ресми өкілі әскери жағдайдағы Ұлттық комитет қауіпсіздікті сақтау мақсатында кім-кімге де 22.00-ден 05.00-ге дейін көшеге шығуға болмайтынын ескерткен.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
- 25 ақпан, 2026
Бірлескен бастамаларды қолға алуға дайын
- 23 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




