Жанымның жазып жарасын
Мен еңбек ардагері, ІІ топтағы мүгедек, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесімін. Жүрек-қан тамырлары ауруына шалдыққанмын. «Қай жерің ауырса, жаның сол жерде» демей ме?! Менің сырқатым сылып тастауға келмейді. Бірақ, соған қарамастан, дәрігерлер дімкәстігімді сездіртпей отыр.
Айтайын дегенім – 2003 жылдан бері «Мейірім» медициналық орталығына қарасты №8 қалалық емхананың учаскесінде диспансерлік есепте тіркеудемін. Аталған емхана – қала бойынша көп салалы, заманауи құрылғылармен жабдықталған, ғимараты жаңа емхананың бірі. Мұндағы дәрігерлер мен медбикелердің 85-90 пайызы – жоғары санатты мамандар. Сондықтан да болар, адам жанының сақшысы саналатын ондағы ақ халатыларға емделушілері де үнемі дән риза.
№8 қалалық емхананың бас дәрігері Тәкура Аденова, бас дәрігердің орынбасары Ажар Ысқақова, терапия бөлімінің меңгерушісі Рабиға Бисенбаева, күндізгі стационар бөлімінің меңгерушісі Шырын Хамраева, клиникалық диагностикалық лабораторияның меңгерушісі Улмас Зуфарова, дәрігер Нағима Байділдаева, медбике Тамара Талалуева, Рабиға Жаппарова, Жансая Әпсаматова емделушілерге мейірім шуағын сыйлаумен қатар, өз біліктіліктерін дәлелдеумен келеді. Олар шын мәнінде мейірімді, көп жылғы еңбек өтілі бар, қызметіне адал жандар. Мәселен, мен ем қабылдап жүргенде ондағы дәрігер мен медбикелер үнемі бәйек болып жанымнан табылады.
Біз осы жасқа дейін өмірдің ыстығын да, суығын да көрдік. Біз барды бағалай білетін халықпыз. Заман қанша құбылса да, арамызда жақсы адамдардың барына сенеміз. Жоғарыда есімдерін атап өткен медицина мамандарын сондай жандар деп есептеймін. Оларға ризашылығымды білдіре отырып, еңбекте жеміс, отбастарына береке-бақыт тілеймін.
Сапарбек Садуов, зейнеткер.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді