Күлімдеймін көктем боп
Күндер қалды, сағынышпен өткен көп. Күндер қалды, көздің жасын төккен көп. Жаным кезіп, жаз бен қыстың арасын, Мен тағдырды сүріп келем көктем боп.
Ұғынғанға ғұмыр – шаттық әрі сын. Жаңбыр жаусын, жанымды аяз қарысын. Көктем болып үміт күттім ертеңнен, Көк Тәңірден сауға сұрап әр ісім.
Қарлы соқпақ кезіксе де алдымнан, Болса да сәт, қадамымды шалдырған. Қара күзге желегімді ұшырмай, Көктем сүйген жүректі аман қалдырғам!
Содан бәлкім, Өткен күнге өкпем жоқ. Жаным жасыл, ал аспаным көкпеңбек. Далада күз, жауратса да тәнімді, Міне, тағы күлімдедім көктем боп. Қызылорда.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




