Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында Мырзатай Жолдасбеков оқулары өтті. Бұл шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған болатын. Оған оқу орнының профессор-оқытушылары мен студенттері қатысты. Мырзатай Жолдасбеков оқулары аясында ұйымдастырылған шаралардың бірі – «Қазақ мәдениетінің қара нары» тақырыбында Мырзатай Жолдасбековтің өмірі мен шығармашылығына арналған студенттер арасындағы эссе байқауы. Байқауға ұсынылған шығармалардың ішінде ТарМПИ студенті Нұргүл Пулатованың эссесі үздік деп танылды. Ал Құралай Әбдіназарова мен Назерке Әжетова екінші және үшінші орынға ие болды. Филология факультетінің ұйымдастыруымен өткен шараның екінші күнінде «Мәңгілік ел идеясы: ұлт тұлғалары» тақырыбында қазақ филологиясы кафедрасының профессорлары Тұрсынай Әбдіқадырова мен Рүстем Садықбеков студенттерге дәріс оқыды. Мырзатай Жолдасбеков атындағы халықаралық байланыстар және академиялық ұтқырлық орталығында өткен дәрісте лекторлар академик жөніндегі естеліктерімен бөлісіп, оның шығармашылығының «Мәңгілік ел» идеясымен астасып жататын байланысын сөз етті.
Жандарбек АСАН, ТарМПИ-дің ақпараттық-имидждік қызметінің жетекшісі.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




