Күрең ат
Нұржан Әліш. Әкем ерттеп мінгенде күрең атын,
Жырлағандай жүрісін кілең ақын.
Шабысын-ай, шіркіннің шаң жуытпас,
Тегі мықты тұлпар, ә, сүйегі асыл.
Мақтайтұғын бар адам сырттан бағып,
Қызығатын тамсана жұрт таңданып.
Ел шулайтын бәйгеде ұран салып,
Күрең айғыр топ жарып шыққанда анық.
Күрең айғыр серінің сыңары еді,
Құлагердей бәйгенің пырағы еді.
Айырылып қалдық та жануардан,
Жетімсіреп әлі тұр құранды ері.
Жасады ма Батыраш қастандығын,
Ұшып кетті бағымыз бастан күнім.
Жырға қостым әкемнің күрең атын,
Қашасам ба мүсінін тастан бүгін.
Жуалы ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




