Жамбыл ауданы.
Үш ел, бір мақсат
1994 жылы Елбасы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде Еуразиялық кеңістікте интеграциялық бірлестік құру жөнінде бірегей бастама көтергені баршаға мәлім. Содан бері өткен 20 жылда Мемлекет басшысының стратегиялық идеясы кезең-кезеңімен іске асырылып келеді. 2000 жылы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартқа қол қойылса, 2010 жылдан бері Кеден одағы жұмыс істеуде. Қазақстан, Беларусь және Ресей мемлекеттері 2012 жылдан бастап, Біртұтас экономикалық кеңістікке өтті.Енді міне, осы үш елдің басшыларының Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қоюы ғана қалды.Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына байланысты қазақстандықтарға Үндеуі жарияланды. Онда құрылатын одақтың пайдалы және тиімді жақтарына назар аудара келе: «…Біз саяси партиялар мен жетекші қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен тұратын ДКЖК мүшелері Еуразиялық экономикалық одағын құруды толықтай қолдаймыз. Бүгінгідей Отанымыз үшін аса маңызды осы бір тарихи сәтте, біз барша қазақстандықтарды Елбасы саясатының төңірегіне топтасуға, ал Үкімет пен атқарушы органдар жүйесін ел Президентінің мемлекеттік бағдарын тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз етуге шақырамыз» делінген. Ел өміріндегі аса зор саяси оқиғаны халыққа жан-жақты жеткізетін бірінші бұқаралық ақпарат құралдары екені мәлім. Осыны ескерген Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық телекоммуникациялар қызметі журналистерге арнап, семинар-тренинг өткізді. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі «Сауда саясатын дамыту орталығы АҚ-ның бас директоры Руслан Сұлтанов шетелдік инвестициялардың басым көпшілігі өндіруші секторға таратылып жатқанын атап көрсетті. «Еуразиялық экономикалық кеңістік аясындағы интеграцияның негізгі алғышарттары бірнешеу. Оған ықпал ететін басты фактор – қазақстандық экономиканың шикізатқа бейімделгендігі және оның өкінішке қарай, күні бүгінге дейін басымдыққа ие болып отырғандығы. Оған өндіріс құрылымы да айғақ» деді Р. Сұлтанов. Астанадан өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі туралы да кеңінен әңгіме болды. Әлемдік маңызы бар ауқымды шараға Қазақстаннан және алыс-жақын шетелден қанша адам қатысатынына дейін айтылды. Семинар жұмысына қатысушылар өзара пікір алмасты.
Амангелді ӘБІЛ. «Ақ жол».
Жарқын болашаққа – жақсы қадам
Қайнарбек Құсайынов, «Жамбылгипс» АҚ президенті, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның Құрметті құрылысшысы.
Елбасының саясаттағы сара жолы барша қазақстандықтар үшін үлгі. Қазақстанның алыс-жақын шетелдермен саяси, экономикалық, мәдени байланыстарды нығайтуында Елбасы еңбегі ерекше. Алдағы құрылатын Еуразиялық экономикалық одақ алыс-берістің кең өріс алып, еліміздің қуаты арта түсуіне үлкен мүмкіндіктер туғызатыны сөзсіз. Біздің кәсіпорында гипстен жасалатын материалдардың он бес шақты түрі өндіріледі. Соның ішінде гипстің, гипс картонының, құрғақ құрылыс қоспаларының өтімділігі жоғары. Әрине, өнім сапасы жоғары болғаннан кейін ғой. Комбинат өнімдерін Ресейге, Қырғызстан мен Түркіменстанға өткереміз. Өз елімізде де сұраныс көп. Алдағы уақытта жаңадан құрылған одақ өнім өткерудегі кейбір кедергілердің жойылуына жол ашқалы отыр. «Ағайынның аты озғанша, көршінің тайы озсын» деп мақалдатқан қазақ татулықты ту етуді меңзеген ғой. «Татулық – өзара қарым-қатынастың алтын көпірі» деп айтсақ та артық болмас. Өйткені, өзара ықпалдасуда, ауыс-түйісте татулықтың жөні бөлек. Тауар алмасудағы мәселелердің бәрі Еуразиялық экономикалық одақ тұсында емін-еркін шешілетініне күмән жоқ. Бірақ беруге ұялмайтындай тауар ұсыну керек. Ол үшін өндірілген өнім сапалы болғаны жөн. Біз осы мақсатта сапаға баса назар аударып отырмыз. Еуразиялық экономикалық одақ оған мүше елдердің бәріне де тиімді болғалы тұр. Ел ертеңін ойламайтындар ғана осынау бағалы бастамаға қолдау білдірмеуі мүмкін. Бір қарын майды шірітетін ондайлардың сыңаржақ тірлігіне жол бермеуіміз керек. Еуразиялық экономикалық одақ жарқын болашаққа жасалып отырған жақсы қадам.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Өнеркәсіп өндірісі – 97,2 миллиард теңге
- 28 қараша, 2024
Кіріс көлемі кідіріссіз артып келеді
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді