Қазнет қолданушылары қазақ тілін меңгерген мәскеулік студенттерге ризашылығын білдірді
- author «Ақ жол»
- 10 маусым, 2016
- 699
Мәскеулік университеттердің бірінің студенті ресейлік жастардың қазақ тілін жақсы меңгергенін көрсетіп, бұл туралы видеоны Интернетке жүктеді. "Біз құрбыларымызбен бірге университетте қазақ тілін шет тілі есебінде 4 жыл оқыдық. Сіздерге соның нәтижесін көрсетемін", - деп жазды қыздардың бірі - Ксения Букова Instagram парақшасында.
Интернет қолданушылары роликке жазылған пікірлерінде таңданысын жеткізген. "Жарайсыңдар. Таңғалып отырмын. Бізде қазақтардың өзі қазақша білмейді", - деп жазды қолданушылардың бірі.
"Қазақтарға ұнайды))) жарайсыңдар, қыздар", - деді тағы бірі.
"Үлкен рақмет. Құрметтеуге лайық іс. Алғыс айтамыз! Қазақстанның атынан", - деп пікір қалдырды тағы бір қолданушы.
Айта кетейік, Ксения мен оның құрбыларының парақшаларынан студенттердің қазақтың ұлттық киімінде түскен суреттерін де көруге болады. Сурет Наурыз мейрамы қарсаңында түсірілген. Қыздар суретке қазақ тілінде сипаттама жазып, жариялапты (Ескерту: сурет сипаттамалары өзгертілмеген күйде беріліп отыр):
Бәрi қазақтарға мерекемен кұттықтаймын!
Қыздаррр! Наурызбен құттықтаймыз!
Сен неге қазақша сөйлеймейсiн?
Қазақтар және қырғыздар
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




