Еліміздің Конституциясы бойынша әрбір бала тегін орта білім алуға құқылы. Түрлі себептерге байланысты оқуға мүмкіндігі болмаған күнде де тиісті жағдайлар жасау қарастырылған. Ата-аналардың білгісі келетіні де осы. Көпшілігі балаларға берілетін қосымша мүмкіндіктер, нақтырақ айтсақ, құжаттар және рұқсат алу тәртібі жайлы сұрақ жолдап жатады. Жуырда редакциямызға хабарласқан оқырманымыз баласына орта мектепте экстернат нысанында оқуға рұқсатты қалай алуға болатынын білгісі келетінін айтып, соған көмектесуімізді сұранды. Біз ана өтініші бойынша тиісті мекемеге хабарласып, бұл сұрақтың жауабын білдік. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат алу «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес қоғамы (бұрынғы – халықа қызмет көрсету орталығы) немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін алдымен мына құжаттар қажет: экстернат нысанында оқу туралы өтініш; №035-1/у нысанында дәрігерлік-консультативтік комиссия қорытындысы; білім алушының ата-анасының шетелдерде тұруы туралы анықтама, шетелде оқитындығын растайтын құжат; 2008 жылға дейін туған жағдайда туу туралы куәлігінің немесе жеке куәлік көшірмесі. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру мемлекеттік қызметі 15 жұмыс күн ішінде көрсетілуі тиіс және экстернат нысанында оқуға рұқсат беру туралы бұйрықтың үзінді көшірмесі беріледі. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» тәртібі де осыған ұқсас. Облыстағы білім беру ұйымдары бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдайды. Құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат жаңа оқу жылынан бастап бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық болып табылады. Құжаттарды қабылдау, тіркеу және құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беру 15 минуттан, құжаттарды қарау және оларды орындауға жолдау 1 жұмыс күнінен аспауы тиіс. 3 жұмыс күнінің ішінде құжаттардың ұсынылған талаптарға сәйкестігі қаралуы және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі дайындалуы қажет. Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру де осылай жүргізіледі. Ол үшін құжаттың жоғалғаны немесе басқа да себептерді көрсеткен өтініш және жеке басын куәландыратын құжат қана керек.
Айдын Досыбаева, облыстық білім басқармасының
мектепке дейінгі және орта білім
бөлімінің басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді