Мүгедектердің өмірге құштарлығы зор

Мүгедектердің өмірге құштарлығы зор
ашық дереккөз
Мүгедектердің өмірге құштарлығы зор

Әлия Садықова – Тараз қаласындағы «Мүгедектердің құқықтары мен мүмкіндіктері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы. Яки қазірде маңызы аса жоғары, толыққанды өмірден алыс қалған адамдардың өмірге құштарлығын оятатын қоғамдық жобаны іске асырушылардың бірі. Ол қолға алған жобаның іске асқанына үш жыл болды. Жобаның мақсаты – адамдардың ерекше қажеттіліктерін компьютерлендіру. «Алғашқыда үш компьютерден бастаған болатынбыз, содан соң бесеу... Бүгінде бізде 40 адамнан тұратын 3 топ бар, оқыту үш ай мерзімінде жүргізіледі, артынша сертификат береміз», – дейді жоба басшысы Әлия Садықова. Атап өту керек, биыл оқытудан 120 адам өтуде. Онымен қоса, компьютерлік біліктілікті арттыру үшін аудандардан азаматтарды тартпақшы. Биыл Жамбыл ауданынан 20 адамды оқыту жоспарланып отыр екен. Сондай-ақ, оқытудың екі тілді жүйесі де енгізілмек. Дәл қазіргі таңда оқыту тек орыс тілінде жүргізілуде. Әлияның айтуынша, аталған жоба қамқорындағы жандар үшін бір жұтым таза ауа іспетті. Оқыту үлкен нәтижелерге алып келген, олар сынды да қабылдауды үйренді, дегенмен, әйелдермен байланысқа түсу ерлерге қарағанда қиынырақ. Айта кетейік, мұнда заңға байланысты кеңестер, сондай-ақ адамның ішкі жан дүниесіне бағытталған психологиялық жаттығулар жүргізіліп тұрады. Демеушілердің көмегі арқылы демалыстар ұйымдастырылады. Соңғы үш жыл қатарынан жобаға қатысушылар Ақыртас тарихи-мәдени кешеніне баруда. Физикалық ауытқушылығы бар жандарға компьютерлік біліктілікті үйретуге облыс әкімдігінің еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы көмектескен. Кейіпкеріміздің айтуынша, олар Әлия Садықованың идеясын қолдап, физикалық ауытқушылығы бар жандарға жаңа технологияны үйретуге мүмкіндік жасаған. Әлия Садықованың алға қойған мақсаты – жоба қатысушыларына бұдан әрі де көмек көрсете беру және өзінің кәсіби біліктілігін арттыру. Өзі мүгедек бола тұра, азаматтарға пайдалы іспен шұғылданып, оларға көмек қолын соза білген оның өмірі – көпшілікке үлгі.

Асылзат Жұмабай.

Ұқсас жаңалықтар