- Advertisement -

Жастарға мүмкіндік мол

103

- Advertisement -

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «мемлекеттік және жергілікті басқару», «құқықтану» мамандықтары бойынша бітіруші студенттермен кездесу ұйымдастырылды. «Мемлекеттік қызметтегі жастардың рөлі» тақырыбындағы шараны өткізуге Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің облыс бойынша департаменті мен облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселесі басқармасы ұйытқы болғанын айта кету керек. Ондағы мақсат – бітіруші түлектердің мемлекеттік қызметке орналасуына ықпал ету.
– Жастар мәселесі қашанда өзекті. Мәселен, Италияда жұмыссыздық деңгейі 70 пайыз болса, Қазақстанда 50 пайызға жетпейді. Жалпы, жылына орта есеппен облыс бойынша 700-ге жуық студент жоғары оқу орындарын аяқтайды, олардың бәрі де жұмысқа орналасуы қажет. Қиындық тудырып тұрған мәселе – жастардың таңдаған мамандықтарына қатысты емес, басқа салаларға кетіп, не жұмыссыз қалуы. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметте облыс бойынша 300-ге жуық лауазымды орындар бос, қажетті кәсіби кадрлар жетіспеуде. Сондықтан, білімді жастар өз мүмкіндіктерін пайдаланғандары жөн, – деді ТИГУ-дың ректоры Ерболат Саурықов.
Кездесу барысында «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы Қасымхан Төлендиев «Мемлекеттік қызметтегі жастардың рөлі мен мүмкіндіктері» тақырыбында дәріс оқыды. Ал Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің облыс бойынша департаменті басшысының орынбасары Н.Еркебаев «Мемлекеттік қызметтегі жаңа реформалар мен перспективалар» тақырыбында бірінші институционалдық реформа шеңберінде, мемлекеттік қызметке алғаш келуші үміткерлер 3 кезеңдік іріктеуден өтіп, кәсіби қызметін тек төменгі лауазымдардан бастай алатынын тілге тиек етті.

Фатима Бахтияр,
ТарМУ-дың студенті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support