
Мұхаммед Әлидің жеке жаттықтырушысы болған даңқты бапкер Анжело Данди мынандай естелік айтқан-ды: «1958 жылы үйіме телефон шалынды. Тұтқаны көтерсем, биязы дауысты жігіт: «Мистер Данди. Менің атым – Кассиус Клей. Сіз мені қол астыңызға алуыңыз керек. Мен екі жылдан кейін Олимпиада чемпионы боламын», – деді. Мен қапелімде: «Солай ма?», – деппін. «Иә, кейін кәсіпқойлар арасында ең мықты боксшы атанамын», – деді ол. Бұл біреудің әшейін қалжыңы деп ойласам да: «Жарайды, кел» дедім. Кассиус маған келіп, жаттыға бастағанда-ақ, оның қабілетіне таңданысымда шек болмады». 18 жасында Рим Олимпиадасында жасындай жарқырап чемпион болды. Төртжылдықтың басты додасына ұшаққа мінуден қорқып, барғысы келмеген екен. Чемпион туған қаласы Луисвиллге келгеннен кейін сондағы мейрамханалардың біріне тамақтанбақ болып кіреді. Мойнында алтын медаль. Бірақ жағдай күткендегідей болмайды, мейрамхана даяшылары қара нәсілділерге қызмет көрсетілмейтінін айтады. Өзінің Олимпиада чемпионы екенін, елінің атын шығарғанын, кедей еместігін қанша түсіндірсе де, мейрамхана қожайыны келіп, М.Әлиді сыртқа қуып шығады. Қатты ашуланған чемпион Огайо өзеніне барып, тамақ ішуіне де көмектесе алмаған Олимпиаданың алтынын суға лақтырып жібереді. Кейін Атланта Олимпиадасы кезінде Әлиге алтын медальдің көшірмесі тапсырылды. Отыз екі жыл бойы ауыр науқаспен күрескен оның өмірі толған күрес. 3 маусым, яғни, жұма күні мәңгілік тұрағын тапқан Әлидің есімі де, бейнесі де, рингтегі мінезі де жүректерден өшпек емес. Бейсбол, баскетбол, регби секілді спорт түрлерінің небір теңдесіз спортшыларды шығарған Америка құрлығында XX ғасырдың ең ұлы спортшысы атану – Әлидің ғана маңдайына жазылды!
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Салық түсімдерін қалай көбейтуге болады?
- 20 наурыз, 2025
Қазақ қызы – ұлттық болмыстың айнасы
- 8 наурыз, 2025
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді