Білім беру мазмұны жаңартылып, жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуін, әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етіп отыр. Қазіргі заманғы білім беру ұйымының көшбасшысы қандай болуы керек? Бұл жөнінде «Өрлеу» біліктілігін арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы облыс бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Ғалия Сыздықбаева өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жиында жан-жақты сөз етті.
Жаңа оқу жылында өңірде 2692 бастауыш сынып мұғалімі біліктілікті арттыру бағдарламасы аясында салаға енетін өзгерістерге байланысты қайта даярлаудан өтуі тиіс. Ал бүгінгі күні облыста 1993 бастауыш сынып мұғалімі кәсіби даярлықтан өткен. – Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, сапалы білім беру жаңа индустрияландырудың негізіне айналуы тиіс. Орта мектептен толыққанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген оқушы – ертеңгі ел тізгінін ұстар азамат. Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Мұғалім өзінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырып, оны меңгеруі қажет. Жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген, оны өз тәжірибесінде қолданған әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі дамыта алады. Себебі білім беру жүйесінің негізгі мақсатының бірі – әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және қоғам қажеттіліктеріне сай көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық үлгісін қалыптастыру, – деді аталмыш институттың директоры. Ғалия Ұзақбайқызы облыс бойынша үстіміздегі жылдың наурыз айынан бастауыш сынып мұғалімдерін жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқытуды бастағандарын тілге тиек етті. Оның айтуынша, бүгінгі күні институт мамандары облыстағы 578 бастауыш сынып мұғалімін оқытқанын, оның ішінде 182-сі қала мектептерінің, 396-сы ауыл мектептерінің мұғалімдері екенін жеткізді. Жиын соңында тілшілердің білім саласындағы өзгерістерге байланысты қойылған сұрақтарына тұшымды жауаптар берілді.
Наурызбек САРША, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді