Д.Ахметов: КО елдерінің теміржол альянсы БЭК аумағы арқылы Қытайдан Еуроодаққа тасымалдар үлесін 10 есе ұлғайтады
- author «Ақ жол»
- 23 мамыр, 2014
- 282
КО елдерінің теміржол альянсы БЭК аумағы арқылы Қытайдан Еуроодаққа тасымалдар үлесін 10 есе ұлғайтады. Бұл туралы Астана экономикалық форумының аясында өткен «Трансеуразия-2014» ІХ халықаралық көлік-транзит әлеуеті жөніндегі конференцияның жұмысына қатысқан Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым жөніндегі алқа мүшесі (министр) Даниал Ахметов айтты. Бұл туралы Еуразялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі хабарлады.
Д.Ахметов өз сөзінде болашақ Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) көлік саясаты жөнінде әңгімеледі. Атап айтқанда ол ЕАЭО инфрақұрылымын дамытудың өзекті элементі үйлестірілген көлік саясаты болады, деп атап өтті. Оның негізгі басымдықтарының бірі - көлік қызметтерінің жалпы нарығын құру болмақ. Көлік қызметінің ортақ нарығы қызметтер нарығына қолжетімділікті ырықтандыруды, бәсекелестікті дамыту және адал емес бәсекелестікті болдырмау, біріздендірілген тариф саясатын қалыптастыру, бұл жолдағы кедергілерді азайту жөніндегі бірыңғай ұстанымды орнатуды білдіреді.
«Ырықтандырудың тәртіптері, шарттары және кезеңдері салалық ерекшеліктерді ескере отырып, Одақ ауқымындағы бөлек халықаралық шарттармен белгіленеді. Мысалға, мүше-мемлекеттер автомобиль көлігін дамыту саласында 2016 жылғы 1 қаңтарға қарай 2016-2025 жылдардағы кезеңге арналған каботаждық тасымалдар саласындағы кезең-кезеңмен ырықтандыру бағдарламасын қабылдайды», - деді Д.Ахметов.
Оның айтуынша, ЕАЭО елдерінің тразнзиттік тартымдылығын елеулі арттыруға Беларусь, Қазақстан және Ресей теміржолдарының біріккен көліктік-логистикалық компаниясы жәрдемдесетін болады. Бірыңғай экономикалық кеңістік аумағы арқылы Қытайдан Еуропалық одаққа теміржол транзиттік тасымалы 10 есе өсіп, 2020 жылға қарай 7 пайызды құрайды. Бірлескен көліктік логистикалық компания құрудың тұжырымдамасы мен бизнес-жоспарына сәйкес 2020 жылға қарай инфрақұрылымды пайдаланудан түсетін кірістер 1,6 млрд. долларды құрайды, біздің елдеріміздің ІЖӨ-дегі кумулятивтік үлесі - 11,1 млрд. доллар болмақ, 43 мың жаңа жұмыс орындары құрылады, жалпы жүк айналымы 4 млн. контейнерден асады.
«Бірыңғай еуразиялық аспанға» қатысты Д.Ахметов ол кезең-кезеңмен және Еуразиялық экономикалық одақтың барлық елдерінің мүдделері ескеріле отырып құрылатынын айтты. «Біз болашаққа қарауымыз қажет, біз әрине, бірде-бір ел бір ғана кеңістікпен шектеліп қалмауы тиіс екенін түсінеміз. Бүгінде ресейлік авиацияның Беларусь пен Қазақстан авциациясына қарағанда бірқатар бәсекелестік басымдығы бар, сондықтан да бағдарлама кезең-кезеңмен жүргізіліп, бәсекелестік шарттарды құрады және басқа да жайттарды қаперге алады», - деп атап көрсетті ЕЭК министрі.
«Трансеуразия-2014 конференциясынан кейін Д.Ахметов «ЕАЭО ауқымындағы энергетика» тақырыбындағы баспасөз брифингісіне қатысты. Д.Ахметов журналистердің сұрақтарына жауап бере келіп, Беларусь, Қазақстан және Ресей 2015 жылдың ортасында ортақ электр-энергетикалық нарық тұжырымдамасын, ал 2016 жылы - бағдарламасын қабылдайтынын хабарлады.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жарқын жобалар – берекелі істің бастауы
- 26 желтоқсан, 2024
Өңір өндірісі еселеп артқан жылдар
- 16 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді