Дәулетбай ЕСІМБЕКОВ, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының филиалы – Жамбыл жол бөлімшесінің директоры.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының филиалы – Жамбыл жол бөлімшесінде негізгі өндірістік көрсеткіш – жүк айналымы 2016 жылдың 4 айында 6508,4 миллион тонна километрді құрап, жоспардағыдан 6,5 пайызға немесе 395,4 миллион тонна километрге артты. Жалпы жүк тиеу көлемінің 32,7 пайызын химиялық тыңайтқыштар, 18,7 пайызын цемент өнімдері құрап отырғанын атап өткен жөн. Былтырғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда жоспар 30,8 пайызға асыра орындалды. Химия, цемент өнімдерімен қатар, мұнай, қара металл сынықтары, химикаттар, сода, астық және басқа да ерекше маңызға ие жүктерді тиеу көлемі артты. Вагонға статистикалық жүктеме жоспары 1,5 пайызға, немесе 0,51 тонна/вагонға көбейді. Жол бөлімшесінде биылғы жылдың алғашқы тоқсаны ішінде 827 ауыр салмақты жүк пойызы жөнелтіліп, жоспардан тыс 405,563 мың тонна жүк тасымалдануына қол жеткізілді. Біздің негізгі міндеттеріміздің бірі – жүрдек пойыздардың жылдамдығын көтеруге мүмкіндіктер жасау. Жоғары жылдамдықта қозғалыс қауіпсіздігін күшейту, апатқа жол бермеу мақсатында биылғы төрт ай ішінде «СМД-80» машинасын қолданумен жолдың 3,126 шақырымында күшейтілген-орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 3891 темірбетон, 1 және 2 типті 2410 ағаш шпал ауыстырылды. Жамбыл жол бөлімшесі 2015 жылы бюджетке 2464698 мың теңге, ал биылғы 4 айда 674 880 мың теңге салықтық аударым жасады. Бөлімшеге қарасты компания филиалдары мен еншілес мекемелерінде қызмет атқаратын 10 мыңнан астам теміржолшы (оның ішінде 56-сы Құрметті теміржолшы атағының иегерлері) мен жоғары білікті мамандардың қажырлы еңбектері ортақ істе жетістіктерге қол жеткізуге, жұмыс сапасы мен қозғалыс қауіпсіздігінің артуына игі ықпалын тигізуде. Бүгінде Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында атап көрсетілген жаңа экономикалық саясат бойынша «Шу-Алматы» бағытындағы жалғыз қатар жолды телімдерде қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізіп, екінші қатар жолды салу жобасын «Теміржол-Жөндеу» және «Жолжөндеуші» ЖШС-лары жүзеге асыруда. 2015 жылы «Теміржол-Жөндеу» ЖШС 1 181 189 мың теңгені, ал 2016 жылдың 4 айында 80 540,527 мың теңгені игерді. Өткен айда Жамбыл жол бөлімшесінің қызметкерлері, сала ардагерлері 1958-1976 жылдар аралығында бөлімшені басқарған Құрметті теміржолшы, Тараз қаласының Құрметті азаматы Б. Пірмановты еске алу рәсімі өткізіліп, мекеме ғимаратының алдына мемориалдық тақта орнатылды. Биылғы бірінші тоқсанда бөлімше басшылығы 2015-2017 жылдар аралығында Ұжымдық шартқа сәйкес, тұрмысы төмен зейнеткерлер мен жұмысшылардың әлеуметтік қажеттіліктерін өтеуге – тіс емдетуге, мерейтойлық құттықтау, шипажайларда демалыс-сауықтыру шараларымен қамтуға, басқа жағдайларға байланысты көмек беріп, қаржылай қолдау көрсетуде. Бүгінгі күні бөлімшеде Ұлы Отан соғысына қатысқан және оған теңестірілген 6 ардагер бар. Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай жол бөлімшесі басшылары, олардың барлығының үйлерінде болып, мерекелік сый-сияпат жасады және олардың әрқайсысына 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 63 630 теңгеден көмек көрсетілді.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді