Құрбанәлі Шахабай, ТарМУ-дың студенті.
Күнімдей болып көгімде күлген, Шуағын төккен көрікті адам. Шаршаған сәтте өмірден мүлдем, Шаттығым болып жолықтың маған.
Алданыш болған арманның бәрі, Керуен күндерде қалып барады. Неге мен жүрген жолдардың бәрі Тек қана саған алып барады?!
Пенденің бірі ем сертіме берік, Өкінішім жоқ өткенге мынау. Қарашы, сенің көркіңе елтіп, Табынып саған көктем де тұр-ау.
Себепші болып бағыма менің, Жүректің қалай ұмытам жырын. Көктемдей саған табынар едім, Кешіре гөрсін ұлы Тәңірім.
Көркіңнен сенің көшіріп өлең, Күлкімді тұрды жасырып налам. Барлығынан мен кешігіп келем, Жалғыз-ақ саған асығып барам.
Сергелдең еткен сезімнің әні, Көп әлі саған жазбаған жырым. Жырлауым үшін өзіңді тағы, Қиса екен Құдай аз ғана ғұмыр.
Ұқсас жаңалықтар
Төл теңге төңірегіндегі түйткіл қандай?
- 16 қаңтар, 2025
Ақпарат
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді