«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Банкрот тық рәсім талаптары өзгерді

Банкрот тық  рәсім  талаптары  өзгерді
ашық дереккөз
Банкрот тық рәсім талаптары өзгерді

Бес институционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту мен банкроттық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға былтырғы қарашада Елбасы қол қойғаны белгілі. Осыған орай заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтыруларды халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында елімізде бірнеше көшпелі жұмыс топтары құрылып жұмыс істеуде.

Аталған көшпелі жұмыс тобының кезекті отырысы облыс әкімінің орынбасары Тимур Жанкенің төрағалығымен облыс әкімдігінің мәжіліс залында өтті. Алдымен сөз алған ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық бақылау департаменті берешектермен жұмыс басқармасының бас сарапшысы Меруерт Сейсембаева аталған заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың тиімді жағын жан-жақты түсіндіріп өтті. Комитеттің бас сарапшысы түсіндіріп өткендей, банкроттықтың алдын алу өндірісті сақтап қалудың жаңа тиімді тәсілі борышкер мен несиегерлер арасындағы төлем қабілетсіздігін келісім жасасу арқылы реттеу болып отыр. Сонымен қатар, өзгерісте оңалту мен банкроттық рәсімдерін өткізудің ұзақтығы мәселесін шешу үшін заңмен оңалту және банкроттық туралы істердің соттылығын белгілеу, сот актілерін апелляциялық сатыда шағымдануды шектеу, борышкерлерді банкрот деп тану сот шешімін дереу орындау қарастырылған. Жоғарыда аталған шаралар жұмыс істейтін өндірісті, жұмыс орындарын барынша сақтап қалуды көздейді екен. Сондай-ақ, оңалту мен банкроттық рәсімдерін өткізу мерзімдерін қысқартуды қамтамасыз етуге бағытталған. Меруерт Қабдырашитқызы бүгінгі күні жаңа тетіктердің артықшылығы және бизнесін сақтап қалу мүмкіндіктері туралы кәсіпкерлер арасында белсенді түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырғанын айтты. Келесі кезекте облыс бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Сембек Баймаханбетов сөз алып, осы кезге дейін 39 банкроттық шағымның 24-і ғана қанағаттандырылғанын, өзгесі көрсетілген талапқа сай болмағанын айтып өтті. Отырысты облыс әкімінің орынбасары Тимур Жанке қорытындылап, өңірде жұмыс орындарын сақтап қалу мәселелерін, заңнаманың жаңа тетіктерінің артықшылығын көпшілікке кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді облыс бойынша кәсіпкерлер палатасының және кірістер департаментінің жауапты өкілдеріне тапсырды.

Есет Досалы, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар