
Үндістанның Мизораме штатында тұратын Циона Хана есімді мырзаның 39 әйелі, 94 баласы және 33 немересі бар екен. Отбасы мүшелері түгел бір үйде тұрады. Олар төрт қабатты үлкен үйдің 100 бөлмесіне бөлініп орналасқан. Циона Хана мырза – әйелдері мен балаларына қамқор болатын ауқатты адам. Ол жергілікті бір сектаны басқарады. Осы діни ұйымның ережесіне сәйкес, әрбір еркек қанша әйел болса да қалағанынша ала береді. Тек шамасы жетсе болды. Демек, Хана үйін гаремге айналдырып жібергенімен, өз дәстүрлері бойынша тәртіпті бұзып отырған жоқ. Ал Циона басқарған үйдің әрбір мүшесі отағасы орнатқан темірдей тәртіпке бағынады. Осыған орай әйелдердің де атқаратын өз міндеттері бар. Олар үйдегі жұмыстарды өзара бөлісіп алған. Бір әйелдер үйдің тазалығы үшін жауап берсе, енді біреулері кір жуумен айналысады, үшіншілері асханада тамақ дайындауға бөлінген. Бұл үлкен шаңырақта бір мезгілдік кешкі ас үшін 220 килограмм күріш, 30 тауық және 132 килограмм картоп пайдаланылады. Бұлардан басқа көкөніс-бақша дақылдары мен сусындар да бар. Қазіргі сыңайына қарағанда, Циона Хананың жағдайы жаман емес сияқты. Сондығынан болар, ол тек өткен жылы ғана тағы 10 әйелге үйленген екен. Әйелге бай еркек өзінің мұнымен тоқтап қалмайтынын, алдағы уақытта әлі де үйлене түсетінін айтады. Ол күші мен денсаулығы жеткенше жұбайлары санын арттыра беретініне сенімді. Бұған Хана мырзаның балалары қарсылық көрсетпейді, қайта қолдап отырады. Себебі, олардың ұғымынша, әкелері осы арқылы округтегі кедей қыздарға қамқорлық жасайды. Егер әкелері сол қыздарды алмаса, олардың күндері қараң болар еді. Хана мырзаның үйіндегі бөлмелер де өзіндік бір тәртіппен бөлінген. Әдетте Ционаға жақын маңдағы бөлмелерде оның ең жас әйелдері тұрады. Ал қалғандары үлкен жатақхана секілді бөлмелерге орналасқан.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Салық түсімдерін қалай көбейтуге болады?
- 20 наурыз, 2025
Қазақ қызы – ұлттық болмыстың айнасы
- 8 наурыз, 2025
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді