Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Елбасы жолы: Жұлдыздар тоғысқанда» киноэпопеясының премьералық көрсетіліміне барды. Фильм 1984 жыл мен 1991 жыл аралығындағы кезеңді қамтиды. Туынды жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы, соның ішінде, Қазақстан Республикасы туралы баяндайды. Бұдан бөлек, картина Қазақстанның Тұңғыш Президентінің елді реформалаудағы рөлі, сондай-ақ оның бүгінде жаһандық ауқымдағы жобаларға айналған бастамалары жөнінде әңгімелейді. Фильм режиссері – Ресей Федерациясы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ресейдің халық әртісі Сергей Снежкин. Кино Алматыда және Алматы облысында, Астанада, Қарағандыда, Мәскеу мен Санкт-Петербургте түсірілген. Картинаны сомдау жұмысына жалпы саны 10 мыңға жуық адам қатысқан. Картина 2016 жылғы 28 сәуірде жалпыұлттық прокатқа шығарылады.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Биыл Маралтай оқулары республикалық деңгейде өтті
- 4 желтоқсан, 2025
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




