Қазір елді мекендерді көгалдандыру науқаны қызу жүргізілуде. Осындайда бағзы бір кездері жалпыаудандық сенбілік өткізгеніміз есіме түседі. Сол жолы қазіргі Өтеген, Қарасу ауылдарының аралығындағы жол бойына жағалата тал-терек көшеттерін отырғызғанбыз. Кейін өсіп, жол бойын көріктендірді. Әрине, кейбіреуі ескіріп, қатты желден құлап, өртке шалдығып, одан қалса әлдекімдердің отынға шауып әкетуінен тоз-тозы шыққанын көріп жанымыз ауырып жүруші еді. Биылғы көктемде осы олқылықтың орнын толтыруға алғашқы қадам жасалды. Қарасу ауылдық округінің әкімі Мырзағали Күзербаев бастама көтеріп, оны ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Болат Айтбаев, мүшелері Сатыбалды Иманқұлов, Сайлау Егембердиев, аудандық мәслихаттың депутаты, Өтеген мектебінің директоры Қарлығаш Қыпшақбаева, Қарасу мектебінің директоры Жайна Тайтиева, ауылдық аурухананың бас дәрігері Айжан Мұрынбаева сынды ауыл белсенділері қолдап, арнайы сенбілік ұйымдастырылды. Нәтижесінде үлкен жол бойының бір жарым гектарына мыңнан аса терек көшеттері отырғызылды. Бұл іс алдағы уақытта да жалғаспақ. Міне, осындай елдік іске ұйытқы болып, ауыл келбетін жақсартуға лайықты үлес қосып жүрген ауылымыздың әкіміне алғысымыз шексіз.
Тұрған ЖАСЫБАЕВ, Өтеген ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы.
Қордай ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




