«Үлгілі» ауылының маңындағы қабірстан аумағы бір кездері қараусыз қалып, аяқасты болып жатты, мүрделердің үстіне шығып, мал да жайылатын. Киров атындағы кеңшарға Әбілда Қойбасов директор, Әбілек Білдебаев ауылдық кеңестің төрағасы болып келген жылдары тұрғындардың талап-өтініштері бойынша қабірстанның атшаптырымдай айналасы темір қоршаумен қоршалған болатын. Кейінгі жылдары ауқымы тарыла түсуіне байланысты бұл мақсатқа қосымша 2,5 гектар жер бөлінген. «Үлгілі-205» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрағасы Бақытжан Еркебаев өз қалтасынан 1 миллион теңгеден астам қаржы шығарып, айналасы ашық-шашық жатқан аумақты түгел қоршатып берді. Бақытжанның бұдан он жыл бұрын ауыл мектебінің төңірегіне темір қоршау орнатқаны тұрғындардың есінен шыға қойған жоқ. Әр кезде де халықтың қамын ойлап жүретін кәсіпкер азаматтың қайырымды ісіне үлгіліліктердің айтар алғыстары шексіз.
Есіркеп СЕРІКБАЙҰЛЫ, еңбек ардагері.
Үлгілі ауылы, Байзақ ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Көне шаһар көркейіп келеді
- Бүгін, 02:28
Өркениеттер тоғысындағы Талас: Тарих, таным, тағылым
- Бүгін, 02:11
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




