Сөзін жазған: Күләш Ахметова. Әнін жазған: Шәбден Омаралиев.
Соғыс бітті, қайттық елге жеңіспен, Соғыс бітті , қайттық елге жеңіспен. Соғысқанда сұрапыл өрт ішінде, Қолсыз өмір сүруге де келіскем. Кешіріңдер, амандасқан ағайын, Қолдарыңды ала алмадым, ала алмадым тегіс мен.
Қайран өмір! Мұнша неткен келісті ең, Өткен күнге қарай берем мен үстем. Тек қолым жоқ, айқасқанда ажалмен, Қолсыз өмір сүруге де келіскем. Кешіре гөр, қос қолыммен құшақтап, Сүйе алмадым, мені күткен, мені күткен періштем.
Қолдарымды тастап жанған орманға, Қолдарымды тастап жанған орманға. Аман қайттым, қарай берем бар маңға. Соғыс бітті, арман қайсы, арман ба? Қолым болса, қолым болса, бар ма онда, Армансыз бір ойнар едім, ойнар едім гармонда.
Ұқсас жаңалықтар
Дәстүр заманауи дизайн тіліне айналады
- 27 сәуір, 2026
ASPARA FASHION WEEK Сән – энергия бар жерде туады
- 27 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




