Облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жомарт Әмірханов бюджеттік саясатты оңтайландыру мәселелері бойынша өткен арнайы брифингке қатысты. Елбасының «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары аясында басқарма тарапынан жасалып жатқан жұмыстарға тоқталған ол алдымен өңір экономикасындағы бірқатар ілгерілеушіліктерді тілге тиек етті.
Биыл облыста 11 мектеп, 5 балабақша, 2 емхана, 4 амбулаторлық-емханалық мекеме ғимараттары мен 6 сумен қамтамасыз ету және су бөлу нысандарының құрылысы, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның – 13, газбен қамтамасыз етудің 8 жобасы іске асырылады деп жоспарланыпты. Сондай-ақ, облыстық бюджет қаражаты есебінен 2 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, моноқалалардағы 2 тұрғын үйдің құрылысы басталмақ. Әлемдік дағдарыс жағдайында әлеуметтік маңызды тауарларға бағаның негізсіз жоғарылауына жол бермеу үшін облыстық бюджеттен өңірлік тұрақтандыру қорын толықтыру үшін 917 миллион теңге бөлінген. – Бюджеттік саясатты оңтайландыру аясында 8 іс-шараны жүзеге асыру қарастырылған. Оның төртеуі бюджеттік заңнаманың және нормативтік-құқықтық актілердің қабылдануын қарастырады. Біздің басқарма тарапынан 2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджетті қалыптастыру барысында тиімсіз шығындарды қысқарту шаралары қабылданды. Мемлекеттік органдардағы штаттан тыс қызметкерлер саны министрлік тарапынан жаңадан бекітілген лимиттерге сәйкестендіріліп, қолданыстағы қызметтік көлік саны қысқартылды. Нәтижесінде, өткен жылғымен салыстырғанда 2016 жылғы бюджет шығындары 6,5 миллиард теңгеге қысқартылды. Үнемделген қаражат дағдарысқа қарсы бірқатар шараларға бағытталды. Атап айтқанда, азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсімін болдырмау үшін Тараз ӘКК тұрақтандыру қорына – 697 миллион, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін 2247,7 миллион, бірінші жартыжылдықтағы жылыту маусымын жүргізуге 359,2 миллион, медициналық мекемелерде еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізуге 850,9 миллион теңге бөлінді, – деді Жомарт Амангелдіұлы. Брифинг соңында журналистер басқарма басшысына бірқатар сұрақтар қойып, өздерін толғандырған мәселелер бойынша тиісті жауап алды.
Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әлеуметтік кәсіпкерліктің әлеуеті артып келеді
- 16 қыркүйек, 2024
Жобаның жақсылығын көрген жандар көп
- 16 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді