Әйгілі бразилиялық футболшы Пеле Бразилияда болып жатқан қарсылық акциялары футболдан әлем чемпионатын өткізуге кедергі болады деген күдігін білдірді.
Сондай-ақ, ол наразылық білдірушілердің көптеген талаптарымен келісетінін де мәлімдеді. Бүкіл ел бойынша шеруге шығушылар әлеуметтік қажеттіліктер мен баспанаға қажетті шығынды ұлғайтуды талап етіп отыр. Олар биліктің чемпионатты өткізуге миллиардтаған доллар жұмсағанына наразы. Сонымен бірге, бұрынғы футболшы турнирдің басталуына небәрі бір айдан аз ғана уақыт қалса да бірнеше стадионның әлі де дайын еместігіне алаңдаушылығын білдірді. Оның үстіне, Бразилияның футболшылар кәсіподағы Халықаралық футбол федерациясынан (ФИФА) алдағы әлем чемпионаты кезінде қатты ыстықта футбол ойнауға тыйым салынуын талап етіп жатқан көрінеді. Чемпионат осы жылдың 12 маусым 0Ц 13 шілде аралығында Бразилияның 12 қаласында өтуі белгіленген. Әсіресе, Сальвадор, Ресифи, Форталеза, Натал, Манаус, Бразилия және Куба сынды қалаларда күндіз ауа температурасы 30 градустан асып кетеді екен. Ойыншылар кәсіподағының пікірінше, бұндай аптап ыстықта ойнау футболшыларды неврологиялық ауруларға шалдықтыруы, тіпті өліміне себепкер болуы мүмкін
Ұқсас жаңалықтар
17 миллиард доллардан асатын келісімдерге қол қойылды
- 8 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




