Брайль шрифтісімен алғашқы телефон шықты
Британияда OwnFone компаниясының Брайль шрифтісінің клавиатурасы салынған ұялы телефондары дүкендерге түсті, деп хабарлады Газета.ua.
Компания ұялы телефондар нарығына 2012 жылы шыққан болатын. Алдымен олар жұртшылыққа алдын ала белгіленген нөмірге қоңырау шалатын телефонды ұсынды. Өткен жылы балаларға лайықталған телефон пайда болды. Енді көзі нашар көретін немесе мүлдем көрмейтін адамдарға арналған ұялы байланыс құралын шығарып отыр. Бұл құрылғы Брайль жазулары бар екі немесе төрт түймеден тұрады. Соның арқасында оны пайдаланушы алдын ала жазылған нөмірлер арқылы дәрігерге немесе туыстарына хабарласа алады.
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев қазақстандықтарға Үндеу жасады
- 23 наурыз, 2026
Президент қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
- 21 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




