Айтыста бас жүлдені Біржан Байтуов жеңіп алды
Мамырдың 19 күні Өзбекстанның Навои қаласында (Әйтеке бидің мазары жатқан аймақ) Әйтеке бидің 370 жылдығына және қазақ-өзбек достығына арналған халықаралық айтыс өтті.
Айтыс өткен Фархат сарайына қандастарымыз лық толды. Бұған дейін ол аймақта мұндай жоғары дәрежелі айтыс өтпеген екен. Айтысты қорытындылағанда: Бас жүлдені – Оңтүстік Қазақстан облысының айтыскер ақыны Біржан Байтуов қанжығаласа, бірінші орынды да оңтүстікқазақстандықтар Карима Оралова мен Қажымұқан Абзалов бөлісті. Екінші орынды – жамбылдық Алик Бекмұсаев пен Құлмахан Дүйсенов (Ташкент) иеленсе, үшінші орынды – Жандарбек Қайырбек (Ташкент) пен Жамбол Көпбосынов қанағат тұтты.
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев қазақстандықтарға Үндеу жасады
- 23 наурыз, 2026
Президент қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
- 21 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




