Болашағымызды сеніп тапсыратын жастардың тәрбиесі, олардың білімі мен өмірлік ұстанымы халқымызды қашаннан толғандырып келетін, назардан қалт жібермейтін мәселенің бірі. Ал бүгінде балаға білім берумен қатар, олардың тәрбиесіне де тікелей араласып отырған орта мектептердегі ұстаздарға артылар жүк ауыр. Бүгінгі ақпараттар ағыны мен шырмап алар ғаламтордың ғаламат күші қатарласқан кезде ол жүктің салмағы тіпті ауырлай түскені рас. Бүгін жастарға лайықты тәрбие беру арқылы ертеңгі ел болашағының кемелдігіне толайым үлес қосып жатқанын әрбір ұстаз түйсінуі шарт. «Адамның адамшылығы –ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп дана Абай айтса, «әркім өз жолын тауып кететіндей бала тәрбиесі жеңіл нәрсе ме? Жоқ. «Бала тәрбиесі – өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер» деп педагогикаға үлкен үлес қосқан қайраткер Мағжан Жұмабаев айтады. Ендеше, бүгінгінің ұстазы жас буынға білім беруді өзінің нәпақасын табар тіршілік көзі деп емес, ұлт болашағына қосқан ұлы үлесі деп білуі шарт.
Айнұр Серікова, Б.Жылкелдин атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Мыңқазан ауылы, Меркі ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
- 20 қыркүйек, 2024
АЭС – маңызды шешімдер кезеңі
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді