ҚР Ұлттық Банкінің «Күлтегін» ескерткіш банкноты жылдың ең үздігі атанды
- author «Ақ жол»
- 22 мамыр, 2014
- 4.5k
Халықаралық банкнот қоғамдастығы (International Bank Note Society) Қазақстан Ұлттық Банкінің түркі жазба ескерткішіне арналған, номиналы 1 000 теңгелік «Kүлтегін» ескерткіш банкнотын «2013 жылғы ең үздік банкноты» деп таныды.
Бүкіл әлемнің банкнот коллекционерлерінің тәуелсіз бірлестігі болып табылатын Халықаралық банкнот қоғамдастығы жыл сайын интернет-дауыс беру арқылы жылдың ең үздік банкнотын таңдайды. Халықаралық банкнот қоғамдастығы алғашқы «2011 жылғы ең үздік банкнот» атағын 2012 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған номиналы 10 000 теңгелік ескерткіш банкнотына берген болатын. Келесі жылы да Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің «Қазақ Елі» сериясынан номиналы 5 000 теңгелік банкноты екінші «2012 жылғы ең үздік банкнот» атағын иеленді. «Түркі жазба ескерткішіне арналған, номиналы 1 000 теңгелік «Kүлтегін» ескерткіш банкнотына берілген үшінші «2013 жылғы ең үздік банкнот» атағы тәуелсіз Қазақстан жылнамасындағы тарихи маңызды сәт болып табылады. Себебі, осы кезге дейін бірде-бір елдің ұлттық валютасы үш марапат алып көрген емес», – делінген хабарламада. Сыйлықты алуға 12 елдің банкноты: АҚШ-тың 100 доллары, 5 еуро банкноты, Ресейдің Сочи Олимпиадасына арналған ескерткіш 100 рубльдік банкноты үміткер болған еді.
Ұқсас жаңалықтар
17 миллиард доллардан асатын келісімдерге қол қойылды
- 8 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




