170-ке жуық студентті алдап келген
Таразда Ибн-Сина атындағы медициналық колледж бір жылдан астам уақыт бойы студенттерді рұқсатсыз оқытып келгендігі мәлім болды. Қазіргі кезде құқық қорғау органдары бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Ал студенттер өзге колледждерге ауыстырылды. Қалай десек те, 170-ке жуық студентті алдап келген оқу орнының басшыларының ісі қараусыз қалмасы анық. – 190-баптың 3-тармағына сәйкес ірі көлемде алаяқтық жолмен ақша иемдену дәйектері анықталып отыр. Қазіргі кезде алдын ала тергеу амалдары жүргізілу үстінде. Балалардың оқуын тоқтатпадық. Олар өздерінің оқуын екінші семестрден жалғастыруда. Емтихандарын қайталап тапсырды. Олар бақылау жұмыстарын толығымен тапсырып шықты, – деді облыс прокурорының аға көмекшісі Еркін Қуанышев. Деректерге сүйенсек, орта буынды медицина мамандарын даярлайтын колледж оқу процесінің талаптарына сәйкес келмегендіктен лицензиясынан айырылған. Білім ордасында арнайы жабдықталған ғимарат та, оқу қоры да, қажетті зертхана да болмаған. Тіпті, штатта арнайы медициналық білім беретін маман да жоқ болып шықты. Прокурорлардың айтуынша, колледж басшылығы соған қарамастан, студенттер мен олардың ата-аналарын алдап, оқу процесін жалғастырып келген. Тексеру барысында ол жерде 170-ке жуық студенттің оқып жатқандығы анықталды.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында 46 көпқабатты тұрғын үй салынуда
- 1 желтоқсан, 2025
Жазушыға 100 сұрақ: Көсемәлі Сәттібайұлы оқырманмен кездесті
- 20 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




