Рахат Сапаралиева – үздік театр суретшісі
Халықаралық театр күніне орай дәстүрлі «Еңлікгүл -2016» байқауының әр аталымы бойынша биылғы иегерлері анықталды. Биыл бұл байқауға еліміздің 41 театрынан 137 ұсыныс келіп түскен. Осынша өнер ұжымдарының арасында біздің облыстан қатысқан талапкерлер де елеусіз қалған жоқ. Облыстық қазақ драма театрының суретшісі, қылқалам шебері Рахат Сапаралиева «Жыл театр суретшісі» аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Жеңімпаз жерлесіміз 1 миллион теңге қаржылай сыйлыққа да ие болды. Еліміздегі барлық театр суретшілері арасынан өзіндік ерекшелігімен, стилімен, суретке берген көркемдігімен, жан-жақтылығымен дараланған Р. Сапаралиева талантты қылқалам шебері екенін тағы бір дәлелдеп отыр. Бұл – шебердің театрдағы ұзақ жылғы тынымсыз еңбегінің жемісі.
«Еңлікгүл – 2016» байқауының жоғары деңгейде өтуіне және жүлде қорының қомақты болуына Қазақстан Театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұлов (Әл-Тарази) ерекше атсалысып, қомақты үлес қосты.
Есет Досалы, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Дәстүр заманауи дизайн тіліне айналады
- 27 сәуір, 2026
ASPARA FASHION WEEK Сән – энергия бар жерде туады
- 27 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




